Денсаулық сақтау саласы медициналық ақпараттық жүйемен қамтылуда

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға, денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған стандарттарын кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары облыс әкімінің өкімімен бекітіліп 7 бағыттағы 200-ден аса іс-шаралар іске асырылуда.
Жоспардың басты мақсаты – облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтып, соңғы нәтиже - басты нысаналы индикатор күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72,1 жасқа ұзарту болып саналады (республикалық көрсеткіш 72,2).
Сонымен қатар, іс-шаралар бойынша денсаулық сақтау саласының жұмысын бағалайтын 36 индикаторлық көрсеткіш бекітілген.
Жалпы өлім-жітімнің себептерінің 52% құрайтын аурулардың 5 негізгі нозологиясы бойынша (жіті миокард инфаркты;ми қан айналымының жіті бұзылысы (инсульт); қатерлі ісіктер; жарақаттар; жүкті әйелдер мен перинаталдық кезеңнің патологиялары) Жол карталары бекітілді.
Жол карталары аясында, аталмыш аурулар бойынша аурушандық, осы ауруларға көрсетіліп жатқан медициналық көмек сапасы, оның толықтығы және ресурстар жағдайы (кадр мәселесі және материалдық техникалық базасы) бағаланып, жол карталарын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге шамасында қаржы бөлініп, 150 бірлік медициналық құрал-жабдықтар сатып алу жұмыстары жүргізілді.
1 деңгейдегі бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында (БМСК) барлық 5 бағыт бойынша 89 мамандандырылған кабинеттері ашылды.
2 деңгейде - ауыр экстрагенитальді аурулармен босанғандар мен жарақаттанғандарға, инсульт алған науқастарға оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында реабилитациялық және қайта қалпына келтіру бөлімшелері ашылып, барлық аудандық ауруханаларда ауданаралық травматологиялық бөлімшелерді медициналық құрал жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
Қатерлі ісікке шалдыққан ауыр науқастардың өмірін ұзарту, күтуге бағытталған паллиативтік көмек көрсету үшін онкология орталығында 30 төсекке паллиативтік бөлімше ашылып (хоспис) және аудандық ауруханаларда арнайы 35 төсек–орын бөлінді
Өңіріміздегі кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық перспективті жоспары бекітілді. Кадрларды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін облыс бюджетінен 60 млн.теңге бөлінді. Соңғы екі жыл қатарынан облыс үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында облыс әкімінің 20 гранты бөлінді. Қазір 22 резидент грантқа түсті.
Қайта даярлау курсынан 2017 жылдың 9 айлығында 34 қажетті мамандар қайта оқытылып, 828 дәрігер, 556 мейірбике біліктілігін арттырды.
Өткен жылы осы жұмыстың нәтижесінде неанотолог, травматолог, онколог мамандары сияқты өте қажетті мамандардың тапшылығын жапты. 81 жас маман облыстың денсаулық сақтау саласына тартылып, оның 60%-зы (32 маман) БМСК ұйымдарына жіберіліп, қазіргі таңда БМСК ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткішін 87%-дан 95%-ға дейін көтеруге қол жеткізілді.
Осы жылы дәрігерлік аймақтағы халық санын 2200-ден 1800-ге дейін төмендетіліп, 2019 жылға 1500-ға дейін кезең – кезеңімен азайту жоспарлануда. 2017 жылы жаңадан 33 жалпы дәрігерлік аймақ ашылды.
Электронды денсаулық сақтауды дамыту концепциясына сәйкес, медициналық ұйымдардың IT-инфрақұрылымдарын жақсарту жүзеге асырылуда.
Қызылорда облысының барлық аумағында 22 республикалық ақпараттық жүйелер (Емдеуге жатқызу бюросы, Бекітілген халық тіркелімі, Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі, Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі, Диспансерлік науқастардың электронды тіркелімі, Дәрілік қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі және басқалар сияқты ) енгізілген және жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, электронды денсаулық сақтауды дамыту шеңберінде жергілікті (сыртқы) ақпараттық жүйелер (Кешенді медициналық ақпараттық жүйе, Жетысу, Комек) енгізіліп – Электронды амбулаторлық картасынан, Электронды ауру тарихынан, Электронды денсаулық паспортынан, Электронды кезектен және т.б., аумақ деңгейінде денсаулық сақтау саласында өтпелі процесстерді автоматтандыруға мүмкіншілік беретін үлкен құралдар спектрі бар. Бүгінде емделушілер тіркелім емханасын дербес таңдауды, дәрігердің қабылдауына телефон арқылы жазылуды «электронды үкіметтің» порталы және облыстың медициналық порталы арқылы дербес жүзеге асыра алады.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша жергілікті медициналық ақпараттық жүйелер(бұдан әрі - МАЖ)енгізу көрсеткіші 76,5℅құрады.
МАЖ енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдарының ішкі бизнес-процестерінің автоматтандырылуы, клиникалық және әкімшілік қажетті ақпаратты қалыптастыруы және кезең-кезеңмен қағазсыз технологияларға көшуі қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылы мыңнан аса дана компьютерлік техниканы алынды (оның ішінде медицина ұйымдары есебінен 365,0 мың теңгеге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 100,0 мың теңге). Қазіргі таңда сала бойынша компьютерлік техникамен жабдықталу 75,2 пайызды құрады. Компьютерлік техниканың 2018 жылы 2000 дана алынады.
Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының интернет желісіне қол жетімділігі орташа 75,6 пайызды құрайды.
Облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы да жаңа қарқынмен нығайтылуда. Желтоқсан мерекелерінде Жаңақорған аудандық емханасы, Қазалы аудандық орталық ауруханасы, 11 медициналық бекет қолданысқа беріледі.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңбері аясында 400 келушіге арналған №2 қалалық емхана ашылады және осы бағытта 4 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.
2016 жылы облыстың емдеу ұйымдары жергілікті бюджеттен 1,0 млрд теңгеге 183 дана, лизингпен 651 млн теңгеге 28 дана, 2017 жылы облыстық бюджет арқылы 1,7млрд теңгеге 77 дана құрал – жабдықтар алынған.
Оның ішінде онкологиялық, жүрек қан тамырлары ауруларын ерте анықтайтын, ана мен бала денсаулығын нығайтуға арналған, ақауларды ерте сатысында анықтайтын ең соңғы үлгідегі медициналық қондырғылар халық денсаулығы үшін аса қажет.
Осының нәтижесінде, емдеу ұйымдарын медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етудің көрсеткіші 45,19% -дан 73,4% -ға дейін өсті.
Денсаулық 05 желтоксан 2017 г. 174 0