Облыстық "Сыр бойы" газетінің ұжымы

Облыстың ұлттық танымдық-саяси басылымы «Сыр бойы» газетінің алғашқы саны 1929 жылы 1 шілдеде жарық көрді. Арада 3 жыл өткеннен кейін 1932 жылы басылым аты «Ленин туы» болып өзгертілді. Ал 1938 жылдан 1991 жылға дейін «Ленин жолы» аталып, аймақтың ақпарат тынысына айналды. Еліміз тәуелсіздік алып, тарихи атаулар қайта қалпына келе бастаған шақта, яғни, 1991 жылдың 24 қыркүйегінде газет өзінің ежелгі атауы «Сыр бойымен» қайта қауышты.

1979 жылы басылымның 50 жылдығына орай мемлекеттік жоғары награда – «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Осыдан сәл кейінірек одақтық социалистік жарысты насихаттау мен оның жетістіктерін баспасөз бетінде көрсетуде үздік деп жарияланып, бірсыпыра нұсқалары Мәскеудегі бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне үлгі ретінде қойылды.

Уақыт талабы мен мерзім міндеттері газет өміріне елеулі өзгерістер әкелді. 1998 жылдан бастап газет офсеттік тәсілмен басылып шығып, интернет желісін, электронды пошта қызметін пайдалана бастады. «Сыр бойы» 2005 жылы Қазақстан Журналистер академиясының ең мәртебелі жалпыұлттық журналистік сыйлығы – «Алтын жұлдызды» «Үздік аймақтық газет» номинациясы бойынша иеленді. Ал  2006 жылы ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантын мемлекеттік бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылу барысын терең әрі жан-жақты көрсеткені үшін алды.

Бүгінде газет аптасына 3 мәрте, А-2 форматта (сейсенбі, бейсенбі күндері 4 беттен, сенбі күні 8 бет) 30 мыңнан астам таралыммен жарық көреді. «Сыр бойының» сайтын күнделікті 1000-нан астам оқырман қарайды.    






     Қуат Шарабидинов,
     облыстық 
"Сыр бойы" газетінің бас редакторы













    


     Мұрат Жетпісбаев, 
     бас редактордың орынбасары
















     Әзиз Батырбеков,
     жауапты хатшы














   
 

     Жолдасбек Ақсақалов, 
     экономика бөлімінің меңгерушісі
















Жұматәли Әбдіраман,
     аға тілші






















    Ыдырыс Тәжіұлы,
    аға тілші

















    Дүйсенбек Аяшұлы, 
    аға тілші
















     Гүлжазира Жалғасова,
     руханият және ақпарат бөлімінің меңгерушісі

















    Ғазиза Әбілда,
    аға тілші

















    Айнұр Батталова,
    аға тілші

















    Нұрбек Дәуренбеков,
    жауапты хатшының көмекшісі

















   



    Назерке Саниязова,
    әлеумет және саясат бөлімінің меңгерушісі


















Шынар Бекбан,
    тілші













 



    Сара Адайбаева, 
    тілші















Мейрамгүл Дауылбайқызы,
    тілші














 


    Мөлдір Қалымбет,
    тілші













    



    Жұмабек Табынбаев, 
    тілші


























 Қуаныш Оразбаев,
    компьютер бөлімінің меңгерушісі 











 











 


 Бақытжан Салмырза,
    дизайнер














 



    Ерлан Абдрасилов, 
    дизайнер  





















 



    Жаңылған Алдамұрат, 
    корректор





















   



    Әсия Бердібаева,
    оператор
БІЗДІҢ ҰЖЫМ 14 маусым 2018 г. 298 0