ҰБТ: НӘТИЖЕ БЫЛТЫРҒЫДАН ЖОҒАРЫ

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова облыста өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Білім 26 маусым 2018 г. 962 0

ІРГЕЛІ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Дүние  жүзілік тау-кен конгресі аясында Астанада "Мәскеу болат және қорытпалар институты" Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің 100 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті. Бұл оқу орнында 202 қызылордалық жас білім алуда. Шара барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев университет студенттерімен кездесіп, бітіруші түлектерді марапаттау рәсіміне қатысты.
Білім 21 маусым 2018 г. 925 0
Сапалы білімге саналы қадам

Сапалы білімге саналы қадам

Еліміздегі іргелі оқу орын­дардың бірі – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. Ол Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық және Астана қаласындағы ауылшаруашылығы бағытында кәсіби маман дайындайтын алдыңғы қатарлы білім ордасы.  Бастауын 1957 жылдан алатын Ақмола ауыл шаруашылығы институты ауыл балаларынан жоғары дәрежелі мамандар даярлау мақсатында ашылған.  Қазіргі таңда бұл білім ұясы зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар, республиканың ғылыми-оқу орталығы болып қалыптасты.
Білім 21 маусым 2018 г. 925 0
Work and Travel: қазақстандық студенттердің АҚШ-тағы табысы мен қиындықтары

Work and Travel: қазақстандық студенттердің АҚШ-тағы табысы мен қиындықтары

 Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-та болған қазақстандық студенттер Tengrinews.kz тілшісіне табыс есебі мен жұмыс барысындағы қиындықтардан қалай құтылуға болатыны туралы айтып берді.
Білім 20 маусым 2018 г. 138 0
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТАПҚЫ ОРЫНДА

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТАПҚЫ ОРЫНДА

 Облыстық білім басқармасының мәліметінше, осы оқу жылында 136 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі. Бұл – барлық оқушының 97 проценті. Оның ішінде 9 лагерь 7 ауысымда тынығушыларды қабылдауды бастап кетті. Ал 111 мыңнан астам бала мектеп жанындағы лагерьлерге барады.
Білім 16 маусым 2018 г. 597 0
ТӘЛІМІ АСЫЛ ПАРАСАТ ИЕСІ

ТӘЛІМІ АСЫЛ ПАРАСАТ ИЕСІ

Қазақ халқының «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөзі бар. Олай болса, қай дәуірде болсын жастарымыздың білімді, саналы болып шығуы үшін мектептен бастап бүкіл білім беретін оқу орындарының мұғалімдер ұжымына үлкен міндеттер жүктелері анық. Білім мен тәрбие беру – қиын да қастерлі еңбек. Бұл жолда талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғандар ғана мақсатына жете алатыны сөзсіз. Шебер мұғалімдер ғана зеректік пен зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды, өз мамандығының қыр-сырын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілетті, мәдениетті, өнегелі, заман талабын қанағаттандыра алатын жағдайда ғана халқының сеніміне ие бола алады.
Білім 16 маусым 2018 г. 162 0
БІЛІМ ГРАНТЫ:  ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

БІЛІМ ГРАНТЫ: ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

 Енді аз күнде биылғы мектеп түлектері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Өткен аптада ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында 2018-2019 жылға арналған Мемлекеттік білім тапсырысы жайлы бұйрық жарияланды. Қазір қазақстандық талапкерлер мен студенттер мамандық бойынша бөлінген гранттар тізімімен танысуда. Құжат жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, оның ішінде қысқартылған оқу формасы бойынша мамандар дайындауды да қамтиды. Министрлік бұйрығының қосымшасында мемлекеттік бюджет есебінен ЖОО-ға бакалавр, магистр және PhD дайындауға бөлінген квоталар көрсетілген. Сонымен қатар, жеңілдігі бар үміткерлер мен шеттен келген қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған квоталар жеке берілген.
Білім 14 маусым 2018 г. 481 0
Магистратура, докторантура және резидентураға түсу ережелері өзгерді

Магистратура, докторантура және резидентураға түсу ережелері өзгерді

ҚР Үкіметінің Қаулысымен жоғары оқу орнынан кейін магистратура мен докторантураға, сондай-ақ ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсу қағидаларына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Білім 14 маусым 2018 г. 480 0

100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚТЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асып, әлемнің белді университеттерінде пайдаланылатын гуманитарлық бағыттағы 100 кітап аударыла бастағаны мәлім. Биылғы 12 сәуірде кітаптардың алғашқы легі дайын болып, 18 түрлі оқулық көпшілікке таныстырылды. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жоба.
Білім 11 маусым 2018 г. 290 0

ҮМІТ ПЕН СЕНІМ ҰШТАСАР СӘТ

Биылғы 2017-2018 оқу жылын облысымыз бойынша 147 585 оқушы аяқтады. Оның 7113-i  он бiрiншi сынып оқушылары.  Қазіргі таңда емтиханнан босатылғаны – 46, қалған 7067 оқушы қорытынды аттестаттаудан өтіп, ҰБТ сынағына қатысады. Осы күні оқушылар қорытынды аттестаттау бойынша  ­­5 пәннен емтихан тапсырып жатыр. 
Білім 10 маусым 2018 г. 210 0