Білім бәсекесі

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы тапсырысымен «Кәусар» мамандар орталығы» ҚБ  «Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Ой мен ойын» интеллектуалды сайысын өткізді. 

Жастардың интеллектуалдық потенциалын көтеріп, бос уақытын тиімді пайдалануын көздеген білім бәсекесінде үздіктерді анықтау қиынға соқты. Оза шапқан өрендер ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған Алғыс хаттарға, бағалы сыйлықтарға ие болды.


Білім 31 қазан 2018 г. 44 0