ТҮЛЕКТЕР ЖАҢА БЕЛЕСКЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Кеше облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов №2 «Мұра­гер» мек­тебінде өткен «Cоңғы қоңырау» салтанатына қатысты. Жиында бар­ша мектеп бітіруші түлек­терді құттықтап, білімді, биік парасатты және еліміздің үлгілі азаматы болып өсуіне тілектестік білдірді.

– Бүгінгі күн түлектерді шы­ғарып салатын уақыт емес, бұл бір жылдық оқу жылын таразылап, алдағы бағыт-бағдарды межелейтін уақыт. Тәуелсіздік алған жылдан бері еліміз білім сапасына үлкен мән беріп, Елбасы тәуелсіз елдің іргесін қалауда алдымызға бірқатар міндеттер қойды. Осы ретте біз­дің аймақ Ұлт Көшбасшысы жүк­теген межені бағындыра білді. Мәселен, облысымызда 3 аусым­дағы мектептер толығымен жо­йыл­са, соңғы екі жылда апатты жағ­дайдағы мектептер өз шешімін тапты. Сондай-ақ, мектепке дейін­гі тәрбиемен балаларды 100 про­цент қамтуға қол жеткіздік. Жыл сайын білім саласына бөліне­тін мем­лекеттік гранттардың саны да артуда. Оның ішінде Қы­зыл­ор­да облысы – Ресейдің же­тек­ші тех­ни­калық жоғары оқу орын­дары­ның грантына қол жеткізіп отырған бірден-бір аймақ. Мұның барлығы жастарға жасалған зор мүмкіндік. Араларыңызда осындай білімді жас­тардың, түрлі грант иелерінің бар екендігін естіп, қуанып отырмын. Осы білімдеріңіз ар­қылы сіздер еліміздің үлгілі аза­маты болады деп сенемін, – деді Р.Рүстемов.

Биыл бұл мектептен 107 оқу­шы түлеп ұшпақ. Түлектердің бір­қа­тары түрлі жо­ғары оқу орын­да­рының грант иегерлері болып үл­герген. «Соңғы қоңырау» соғу рә­сімі сондай та­лант­ты жас, грант ие­­гері Ақпан Дінмұхаммед пен 1-сынып оқушылары Мансұр Қал­дан және Ақтоты Нұрмановаға бұйыр­ды. Жиын барысында бі­тіру­ші түлектер ұстаздарына алғыс­та­рын жеткізіп, көкке шарлар ұшыр­ды. Сондай-ақ, мектеп вальсін биледі.

– Бүгін – мен үшін өте маңызды күн. Үлкен те­біреністе тұрмын. Осындай дәре­же­ге жеткізіп, сапалы біліммен сусын­датқан ұстаздарыма айтар алғысым шексіз. Біз қандай жетістікке жетсек, олардың бар­лығы осы мұғалімдерімнің арқасы, – дейді мектеп бітіруші түлек Інжу Руслан.

Бұл балалық шақпен қоштасып, талапты жастардың жаңа өмірге қадам басатын күні. Бүгінгі жас түлектердің  ата-аналарының көңіл күйі де ерекше.

– Менің кенже балам мектеп бітіріп жатыр. Қуанып та, толқып та тұрмын. Балама және оның сы­ныптастарына алдағы ҰБТ сы­на­ғынан ойдағыдай шығуына тілек­теспін. Балаларды білім нәрімен су­сын­да­тып, саналы азамат етіп тәр­­­биелеген ұстаздарына тек алғы­сымды білдіремін, – дейді мектеп бі­­тіру­ші түлектің анасы Лаура Рахметова.

Айта кету керек, биыл облысымызда 293 мектептен 7113 оқушы түлеп ұшады. Оның 343-і «Алтын белгі» иегері.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы»

Білім 28 мамыр 2018 г. 91 0