«7-20-25» бағдарламасы биылдан қалмасын

Мемлекет басшысы xалықты тұрғын үймен қамтуға арналған «7-20-25» бағдарламасын биылдан қалдырмауды тапсырды. Алайда оны іске асыру үшін депутаттар бірқатар заң жобаларын тездетіп қабылдауы қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен Ұлттық банк пен Үкіметке несие беру шараларын ұлғайтуды тапсырған болатынмын. Соның арқасында ел экономикасы өседі. Осы орайда «7-20-25» бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Аталған бастама xалықты баспанамен қамтуды көздейді. Оны биыл бастап кету керек», - деді Н.Назарбаев Ақордада өткен кездесуде.
Президенттің айтуынша, қазіргі кезде Праламенттің қарауында валюталық реттеуге қатысты заң жобасы жатыр. Дәл осы құжатты тездетіп қабылдау қажет. Сөйтіп, «7-20-25» бағдарламасын бастап кету керек. «Мен Парламенттің екі палатасын аталған мәселені сессияның аяқталуына дейін қарастырып шығуды сұраймын. Мәжілістегі екінші оқылымды мамырдың аяғында емес, мамырдың басында өткізу керек. Себебі xалыққа арналған бес әлеуметтік бастамамды тездетіп іске қосуымыз қажет», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің есебін тыңдап, осы салада атқарылған жұмысқа оң баға берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бірқатар банктерге ескерту жасады.
БИЛІК 19 сәуір 2018 г. 126 0