Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуде

Тәуелсіздік алғанына 26 жыл толған қазақ елі дүниежүзіндегі 193 мемлекеттің басын қосқан халықаралық беделді ұйым Бірікке Ұлттар Ұйымының тұрақты емес мүшесі ретінде танылып, мойындалған болатын. Ал, төрімізден енген жаңа ит жылының алғашқы күнінен бастап тұрақтылықпен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен Қазақстан мемлекеті осы халықаралық БҰҰ төрағалық етуде.
Бұл миссия әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат еткен қазақстанның халақаралық шараларға белсенді қатысып, қысқы азия ойындары, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін сәтті өткізіп, әлемді алаңдатып отырған терроризм, діни экстремизм, халықаралық шиеленістерді оның ішінде Сирия еліндегі қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге ниетті екенін білдіріп, Астана процесін ұтымды ұйымдастырып, екі жақтың келісімге келуіне мұрындық болып, арағайындық танытуының нәтижесінде қол жеткен жетістіктің жемісі.
Атқарған шаралар халықаралық сарапшылар мен ұйымдардың тарапынан қызу қолдау тауып, қазақ елінің әлемдік деңгейдегі беделін көтеріп, танымалдылығын арттыра түсті.
Ең бастысы, тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып, әлемді қарусыздандыруға, шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге шақырған, бүгінде халықаралық саяси аренада өте беделді саясаткерге айналған, әлем таныған тұлға Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық аренадағы беделінің, көреген саясатының арқасы.
Орта азия елдерінің арасында тұңғыш рет БҰҰ-на төрағалық етуші Қазақстан алдағы уақытта халықаралық аренадағы қандайда бір саяси оқиғалар мен шиеленістерге белсене араласып, бітімгер, бейбіт сүйгіш ел ретінде өзінің ұстанымын тұрақты түрде білдіріп отыратын болады.

Бекжан ЕСЕНБАЕВ.
Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы.
БИЛІК 09 қаңтар 2018 г. 163 0