«Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру»

Елбасы Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшінің негізгі қасиеттеріне моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным болуға тиісті екенін атап көрсетті. Яғни, мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық жауапкершілігін сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы қажет.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі − Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту, өзекті құзыреттерді меңгеру және оларды жүзеге асыру қабілетіне тыңдаушы сана-сезімінің ерекше құрылымы себепші болады – оның құзыреттілігі білу, түсіну, қызмет амалдарын меңгеру, болжау, әрекет ету, өз іс-әрекеттерін рефлекстеу және өзінің қызметтік процесінде солар үшін жауапкершілік алу сияқты әмбебап қабілет ретінде көрініс береді.

Мемлекеттік қызметшіге іскерлік қатынаста ұсынылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады: жайдарлылылық (адамдармен тез тіл табыса білу қабілеті), сезімталдық (басқа адамды түсіне білу қабілеті) және шешендік (сөзбен әсер ете білу қабілеті) сияқты қасиеттер. Бұл қасиеттер «адамдарға ұнай білу» ұғымымен білдірілетін табиғи қабілеттер жиынтығын құрайды. Аталмыш қабілеттерді меңгеру және оларды дамыту үшін ұдайы жаттығулар жасау – жеке бедел-бейнені табысты қалыптастырудың кепілі.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің көпшілікпен араласа білуі, қоғамда өзін ұстай білуі, кеңестер, іскерлік әңгімелесулерді өткізуі, телекамералардың алдында сабырлылықты жоғалтпауы, баспасөз өкілдерімен және дипломатиялық корпуспен қатынас ептерінің болуы да талап етіледі.

Мемлекеттік қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту барысында мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет.


                                           Қызылорда қаласының № 2 сотының 

                                           сот  приставы Жаңабаев Ғалымжан Жаңабайұлы

БИЛІК 23 қараша 2017 г. 189 0