АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Ойлы халықтың арасында кең талқыланыпкүн сайын өз маңыздылығын көрсетіп келе жатқан - адами капитал мәселесіЕл экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында осы капиталдың сапасын ұлғайтпаса болмайтыны туралы жиі сөз қозғалып жүрДей тұрғанмен бұл көпқырлы ұғым жөніндегі түсінігіміз қаншалықты дұрысБәсекеге қабілеттілігі ең жоғары мемлекеттердегі адами капитал несімен артық?

Экономиканың дамуына үлес қосатын үш түрлі капиталдың бары белгіліБіріншісі - табиғи капиталяғни өндірісте қолданатын табиғат ресурстарыЕкіншісі - физикалық капиталоған тауар өндіру мен қызмет көрсетуге қажетті машиналарқұрал-жабдықтарүй-құрылыс пен әртүрлі қорлар жатадыҮшінші капитал түрі - адам капиталыол бейматериалдықзияткерлік активтермен өлшенедіатап айтқанда, IT өнімдерімензияткерлік меншікпен және экономикалық құзыреттілік объектілеріБұған мысал келтіретін болсақалуан түрлі компьютерлік бағдарламаларғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс нәтижелеріавторлық құқықтарноу-хаужарнамамаркетинг технологиялары және тағысын тағыларМұндай активтер басқару қызметінің тиімділігін едәуір арттырады әрі өнімнің қосымша құнын еселей түседі.

XIX-XX ғасырларда дамыған мемлекеттер адами капиталға ин­вестицияларының тек 20-30%-ын ғана салсақалғанын физикалық капиталға арнайтын-ды. XXI ғасырдың басында керісінше инвестициялардың 80%-ы адами активтергеқалған 20%-ы физикалық активтерге жіберілетін болдыДүниежүзілік банктің есептеуіне қарағандабүгінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰкіретін мемлекеттердің әл-ауқатын 81%-ға адами капитал, 17%-ға физикалық және 2%-ға табиғи капитал қамтамасыз етіп отырҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінде жарияланған ақпарат осыны меңзейді.

Осылайша жаһандық бәсекенің қызуы, жаппай цифрландыру, көптеген жаңа бизнес-модельдердің енуі мен қызмет көрсету секторының өрістеуі - барлығы да, түптеп келгенде, адамдарға, олардың біліміне, же­ке және әлеуметтік инновацияларды құрудағы қабілетіне тәуелді.

Қазақстанның заманауи адами капиталдың жетіспеушілігіне байланысты дамымай отырғаны айдан анық. Біз ресурстарға, еңбек тиімділігін көбейтуге, дұрыс экономикалық, индустриялық және саяси стратегияларға негізделген өсу процесінің биігінде тұрмыз. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан ресурсқа негізделген экономикадан тиімді экономикаға өту жо­лындағы 15 мемлекет қатарына жатқызылған.

Енді қазақстандықтардың адами капиталын көтеру мүмкіндіктерін, соның ішінде білім саласының бұл процеске қаншалықты көмектесе алатынын қарастырайық.

БҰҰ-ның даму бағдарламасының сарапшылары есептей келе, адамның өмірлік әлеуетін ашатын үш шешуші кезеңін анықтаған. Бірінші кезең - бұл анасының босануға дейінгі уақыты және адамның ерте жасы. Адам өміріндегі ең маңызды уақыт осы. Бұл кезде қажетті жағдай туғызылмаса, адамның әлеуеті барынша жоғары деңгейіне көтеріле алмайды. Мұндай жағдайларға босану алдындағы және кейінгі уақытта күтім жасалуы, дұрыс тамақтану, балаға бірінші күннен бастап көңіл бөлінуі жатады. Ғалымдар ата-ана, ата-әже, педагогтің бала дамуына алғашқы күн­нен бастап араласуының қаншалықты маңызды екенін дәлелдеумен келеді. Зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, бала ақыл-ойының туылғаннан үш жасқа дейінгі дамуы адамның төрт пен он төрт жас аралығындағы мүмкіндіктерімен пара-пар. Егер осы кезде бала қатарынан қалыс қалса, оның қабілетін қалпына келтіру үшін көп күш-жігер жұмсап, кішкене балаға қысым көрсетуге тура келеді екен.

Ал, қазақтың ата-аналары балаларының ерте жастан дамуына көп көңіл бөледі. Бұл тек менің пікірім ғана емес, эмипирикалық зерттеуден алынған тұжырым. 2016 жылы өткен 4-сынып оқу­шыларының оқу сауаттылығына арналған халықаралық зерттеу Қазақстан балаларының оқу дағдыларын дамытуға ертеден көңіл бөлетін ата-аналар үлесі бойынша 50 елдің ішінде екінші орында тұрғанын көрсетті. Осының арқасында балаларымыз мектепке жоғары дайындықпен келетіні расталды. Әлбетте, бұған соңғы жылдары мектепке дейінгі ұйымдар желісінің кеңеюі де өз үлесін қосуда. 2017 жылдың соңына таман 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту көрсеткіші 90,5%-ға жетсе, 1 мен 6 жас аралығындағы балалар 66,1%-ы қамтылған. Бастауыш білім мемлекетімізде жалпыға міндетті, Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауынша осы білім беру деңгейімен қамту көрсеткішінен республикамыз әлемде 4-орында. Алайда біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. "Білім туралы" Заңға сәйкес 2019 жылдың қаңтар айынан бастап мектепке дейінгі білім 6 жасқа дейін жалғасатын болады. Біртіндеп 6 жас мектепке түсудің жалғыз жасына айналады. Бұған мемлекетіміз 2000-жылдардың басынан 12-жылдық орта білім моделіне өту мақсатында дайындалып келеді. Үкіметтегі келесі қадам нөлінші сыныпты енгізу және "Әліппені" сонда ауыстыру. Осылайша Үкімет балалардың бірыңғай стандарттар негізінде ерте жастан сапалы дайындықтан өтуіне барынша жағдай жасауда.

Айдар САЙЛАУОВ

Әлеумет 12 шілде 2018 г. 136 0