Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу жағдайларына қатысты қате түсініктер мен нақты фактілер

 Адамдардың көзқарасы бойынша өз-өзінеқол салу әр адамның «жеке мәселесіндей» көрінеді, тіпті бұл тақырыпта сөз қозғаудың өзі қауіпті деп есептелінеді. Мұндай жаңсақ пікірлердің жасөспірімдердің өзін-өзі өлтіру әрекеттерінің алдын алуға кедергі келтіретінін аңғармаймыз. Өзін-өзі өлтіру тақырыбының стигматизациясы (теріс көзқарас пентеріс ойлау) адасуларға апарады. Біз осылайша көмек қолын созудың орнына, керісінше, өзіміз де білмей, келешек құрбанды мәселенің түбіне қарай итереміз. Сондықтан өз-өзіне қол жұмсау туралы аңыздардың дұрыс-бұрыстығын айыру үшін түрлі ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. Мұндай зерттеулерден алынған жаңа білім біздің көзімізді ашады және өзін-өзі өлтіру жағдайларына басқаша қарауға, алдын алуға үйретеді.

Неліктен өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау үшін жасалынатын көптеген шаралардың тиімділігі аз? Неліктен қоғамдағы ынтымақтастықпен өзін-өзі өлтіру мәселесімен күресе алмаймыз? Өйткені біз бәріміз өзіне-өзі қол жұмсау туралы аңыздармен қаруланғанбыз. Өз-өзіне қол жұмсауды болдырмауға бағытталған шаралардың нәтижесінің аз болуына проблеманы шешуде түбегейлі жаңа тәсілдер жоқ болуысебеп алады. Өзін-өзі өлтіруді ойлаған жасөспірімдерді анықтап қана қою жеткіліксіз, оларды бетін бері қайтару үшін және емдеу үшін кешенді шаралар болуы керек.

Алайда, суицид туралы түрлі мифтердің қазірдің өзінде сандық және сапалық зерттеулер нәтижесінде алынған фактілер арқылы ақ-қарасы ашылғанын атап өткен жөн. Мақаламызда олардың негізгілерінің мәнін ашуға тырысайық.

Мәселен, адамдар арасында ең кең таралған миф –көпшілік өзін-өзі өлтіруге тәуекелге бел байлаған адаммен ашық әңгіме оның суицидтік мінез-құлқын ынталандыру дептүсінеді. Халықаралық ұйымдар жүргізген зерттеуге сәйкес, суицид тақырыбының стигматизациясы кең таралғандықтан, өз-өзіне қол жұмсайтын ойлары бар адамдар кіммен бөлісетінін білмейтін көрінеді. Сарапшылар пайымынша, егер өз-өзіне қол жұмсау туралы ақпарат барынша жұқартылып жеткізлетін болса, онда ол жасөспірімге зиян келтірмейді және оны өзін-өзі өлтіруге мәжбүрлемейді. Ашық әңгіме біз ойлағандай суицидтік мінез-құлықты «қоздырмайды», қайта басқа мүмкіндіктерге жол ашады немесе оның шешімі туралы ойлануға уақыт береді. Осылайша, көптеген өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының алдын алуға болады.

Келесі миф - адам өзіне-өзі қол жұмсау туралы айтатын болса, онда ол өзіне өзгелердің көңіл аударуын қалайды. Ғалымдар өзін-өзі өлтіру туралы айтатын адам өзіндегіпсихикалық ауыртпалықты сезініп және оны өзіне жақын санаған адамдармен бөлісуді қалайтындығын дәлелдеді. Егер бұл әңгімелердібіз сигнал ретінде қабылдайтын болсақ, онда адамды өлімнен арашалауға тырысатын едік. Әсіресе, жасөспірім кезеңде балалар өзіне немқұрайлы емес адамдардың ортасында болса да жалғыздықты көбірек сезінеді. Жас өскіннің санасында шешілуі қиындай көрінетін сан сұрақтары болады. Ересектермен немесе достарымен өзара пікір бөлісу, сырласу жасөспірімдердің ашылып, түрлі сұрақтарына жауап табуына көмектеседі. Осылайша, өзіне-өзі қол жұмсауға бел буған жеткіншек проблеманы шешуде өзінің көзқарасын өзгертіп, жеңілдік сезінер еді. Зерттеулер бойынша өз-өзіне қол жұмсамас бұрын олардың 90 пайызы өз ниеттерінің маңызды тұстарын сөзбен дәлелдейтін көрінеді; 40 пайызы –  мамандарға жүгінеді екен, яғни, өз-өзіне қол жұмсаудың барлық дерлік жағдайында алдын ала ескерту немесе басқа да сигналдар болады. Біреу өзін-өзі өлтіру жайындаайтып жатса, әңгіме ескерту туралы болуы мүмкін немесе бұл  - көмек сұрау жан айқайы деп білуіміз керек.

Біз өз-өзіне қол жұмсауды шешкен адамды ештеңе де тоқтатпайды деп ойлаймыз. Алайда, өзін-өзі өлтіруді ойға алған адамдардың көпшілігі қайғы-қасірет үстінде болып, көбінебалама жолын табуға тырысады екен, яғни, ешкім де жайдан-жай өмірден кеткісі келмейді.  Олардың көпшілігі өмір сүруге және өлуге деген ықыластың арасында – ой арпалысында жүреді. Мамандардан көмек іздеу осы екіұштылықты сипаттайды және жасөспірімнің басқа жолды табу үмітінің бар екендігін білдіреді. Соңына дейін оларды өз-өзіне қол жұмсаудан гөрі мәселенің басқаша шешімін табумазалайды. Демек, адамның өзіне-өзі қол жұмсауын тоқтатуға әбден болады.  Дер кезінде эмоционалды қолдау көрсету жасөспірімдердің өзін-өзі өлтіруіне жол бермейді. Тіпті мынадай жағдайлар да кездеседі: өлімге бел байлаған жасөспірім улану дәрісін қабылдайды. Дәрі әсері бірден байқалмай, жеткіншек өлімнен аман қалады, тіпті өлу туралы райынан да қайтып үлгереді. Алайда, бірнеше күн өткеннен кейін, дәрі күшіне енген соң, әлгі жасөсіпрім о дүниеге аттанады. Негізінде, ол бала өлімді емес өмірді қалап еді...

Кейбір жағдайларда ата-аналар балаларының мінез-құлығында ауытқудың барын  байқағанымен, өздерін бұл мәселеде «қабілетсіз» деп есептеп, баламызға тек қана дәрігер, не психолог көмектесе алады деп қате шешімге келіп жатады.Мұнда өмірден түңілген, кеткісі келетін балаға тек қана отбасы мүшелері бере алатын жылулық, махаббат, түсіністік жетіспейтінін олар ескере бермейді.

Сонымен қатар, көптеген ата-аналар суицидалдын-ала ескертусіз, аяқасты жасалынады деп санайды. Әрине, кейде өз-өзіне қол жұмсау күтпеген жерден де жасалынады, мысалы, сүйікітісінен күтпеген жауап алу немесе жасөспірімдер арасында эмоционалды түрде өздерін шектей алмайтын жағдайлар немес т.б. Алайда ғалымдар басым жағдайларда суицид жасау алдында жасөспірімдердің ескерту белгілері мінез-құлқынан көрінетіндігін айтады. Сондықтан, ескерту белгілерінің қандай екенін білу маңызды және уақытында оларға назар аудару қажет.

Көпшілік егер адам өзін-өзі өлтіруге бейімділік танытса, онда ол онымен бірге мәңгіге қалады деп ойлайды. Өзін-өзі өлтіру қауіп-қатері жиі өтпеліжәне нақты жағдаймен ғана байланысты болады. Суицидтік ойлар қайта оралуы мүмкін, бірақ олар үнемі олай бола бермейді. Өзін-өзі өлтіру әрекеті не ниеті болған адамның ұзақ өмір сүруі мүмкін.

Адамдардың санасында «дені сау емес» психологиялық ауытқуы бар адамдар көбіне өзіне қол жұмсайды. Әрине, мұндай фактілер өте кең таралған. Бірақ бұл әрдайым осылай дегенді білдірмейді. Суицидтік мінез-құлық өте ауыр эмоционалдық жағдайды көрсетеді, бірақ психикалық ауытқудың болуы міндетті емес. Психикалық бұзылыстары бар көптеген адамдар өз-өзіне қол жұмсауға бейім емес және ерікті түрде өлетін адамдардың барлығы психикалық денсаулыққа қатысты мәселелерге ие емес. Өзін-өзі өлтіруді ойлаған адам өзін үмітсіз және дәрменсіз сезінеді, ауыр қиындықтардан, жан ауыртатын күйзелісті жағдайдан шығар жол көрмейді. Осындай жағдайларда да «дені сау» адамдар өз өмірлеріне балта шабады.

Адамдар өзін-өзі өлтіру «мұрасы» байқалған бір ғана жағдайдан қорытынды жасайды. Мұнда өз-өзіне қол жұмсау атадан балаға берілетін генетикалық бейімділігі туралы сенімді деректердің жоқ екендігін атап өткен жөн. Отбасында немесе текте өзін-өзі өлтіру жағдайының кездесуі, әсіресе жасөспірімдердің еліктеуін туғызатын деструктивті үлгі болуы мүмкін. Мәселен, атасы, әкесі немесе басқа да отбасы мүшелерінің өзін-өзі өлтіру жағдайларыкәмелетке толмаған балалар үшін «ерлік істеу» көрінуі мүмкін. Мұндай мінез-құлық текте бар деп айтуға болмайды. Бұл– генетикалық және медициналықтан бұрын әлеуметтік-психологиялық ауру.

Көптеген жағдайларда өз-өзіне қол жұмсау есірткі, улы заттар, ішімдік өнімдерін пайдаланудан бөлек қарастырылады. Ал шынтуайтында бұл заттарға тәуелділік өзіне қол жұмсаудың қауіпті факторына жатады. Күйзелістегі ересектер, оның ішінде жасөспірімдерде, жағдайды «еңсеру» мақсатында ішімдік және т.б. заттарды жиі қолданады. Бұл қызуқанды мінез-құлықты тудыруы мүмкін, өйткені бұл заттар шындықты қабылдауды бұрмалайды және адамның сыни ойлау қабілетін айтарлықтай азайтады.

Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсау сирек кездесетін құбылыс сияқты көрінеді, себебі бұл туралы айтпау, тыйым салусалдарынан оның таралуы туралы сенімді деректер алу өте қиын. Дегенмен, әлемде жыл сайын 800 мыңнан астам адам өз-өзін өлтіруден өледі деген дәйекті жоққа шығара алмаймыз және бұл –  15-29 жас аралығындағы өлімнің екінші басты себебі. (Бірінші себебіне байқаусызда, қапыда болған жағдайдар жатады).Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзіне-өзі қол жұмсау бойынша, әсіресе жасөспірімдер арасында, ең жоғары статистикаға ие елдер тобына кіреді (<13:100000).

Өзін-өзі қол жұмсауға шешім қабылдаған адамның ойға алғанын аяқтау үшін кез келген әдіс, құралды табады деп ойлаймыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулерінде өзін-өзі өлтіру құралын шектеу нәтиже беретіндігі туралы жазылған. Өз-өзіне қол жұмсау мен суицид әрекеттерін болдырмаудың тиімді тәсіліне химиялық заттар, атыс қаруы және кейбір дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, ең көп таралған құралдарға қол жетімділікті шектеу жатады.

Осылайша, өзін-өзі өлтіру туралы біздіңкөптеген ойларымыздың жаңсақ екендігіне көз жеткізуге болады. Сондықтан жасалынып жатқан шаралар да мақсатқа сай емес. Шынайы сенімді деректерге қол жеткізбесек, біздің барлық күшіміз тиімсіз болуы мүмкін. Зерттеулердің сапалы жүргізілуі басқару шешімдерінде қолданылатын ұсынымдардың мақсаттылығына әсер етеді. Дегенмен де, өз-өзіне қол жұмсау туралы жаңа білім, тың деректер беретін сапалы зерттеулер де жүргізіліп келеді. Тек осы нәтижелерді суицид жағдайларының алдын алу жұмыстарында тиімді қолдана біліп, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жеткілікті дәрежеде насихаттаудың маңызы зор. Жантүршігерлік өзіне-өзі қол жұмсаудың түрлі фактілері туралы айтып, жаза бергенше, БАҚ бетінде бұл әлеуметтік дерттің алдын алу туралы деректер мен әдіс-тәсілдерді көбірек қамту керек. Себебі, аңыздардан ақиқатты айыру арқылы адам өзге бір өмірдің құтқарушысы бола алатынын ұғына алады.

Айсұлу Молдабекова

әлеуметтанушы

“Bilim Foundation” ҚҚ

Әлеумет 13 желтоксан 2017 г. 183 0