«Үздік мектеп мұражайы– 2018» республикалық конкурсы

Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғарғы оқу орындарынан өзге, мектептерде де арнайы мұражайлар жұмыс жасауда. Олардың базалық мүмкіндіктерін анықтау, жұмыс процесіне  замауи жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында конкурс болып өтті. Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен өткізілген облыстық кезеңге 12 қатысушы бақ сынады. Солардың ішінен Қазалыдағы №190 мектеп мұражайы үздік деп танылып, республикалық кезеңде Қызылорда облысының намысын қорғады. Онда өздерін жоғары деңгейде көрсеткен мектеп мұрайжайы жүлделі І орынды иеленді. Жеңімпаздар ҚР Білім және Ғылым министрлігінің диплом және алғыс хатымен марапатталды.
Аймақтық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары да өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, қанжығалары майлануда. Қаладағы «Ер Тарғын» балабақшасының тәрбиешісі Бақыткүл Жомарт Астана қаласында өткен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік тәрбиешісі» Республикалық байқауында жүлделі І орынды иеленді. Ақмола, Атырау, Қостанай секілді 14 өңірдің мықтылары бақ сынаған сайыста мектепке дейінгі бала тәрбиесі, білім берудің жаңа заманғы мүмкіндіктері жайында сөз болды. Тәрбиешілердің барлығы өздерін жоғары деңгейде көрсетті.


Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы
АҚПАРАТ 07 қараша 2018 г. 176 0