Түрік лирасы құнсызданды

Түркияның төл ақшасы – лираның құны арзандады. Сауда нәтижесі бойынша ұлттық валютаның құны 18 пайызға төмендеген. Мұндай жағдай ел тарихында бұрын-соңды болмаған.  

Айта кетейік, Түркия мен АҚШ арсындағы қарым-қатынас лираның құбылуына әсер етті. 1 тамыз күні  Вашингтон Түркияның әділет және ішкі істер министрлігіне қарсы санкция енгізді. Оған Түркия тарапының америкалық пастор Эндрю Брансонды түрмеден босатудан бас тартуы себеп. Анкара діни қызметкерді Күрдістанның жұмысшы партиясы және Гюленнің жақтаушысы деп күдіктенген. Ал Вашингтон болса, бұл жаланы негізсіз деп, тек пастор Брансонды ғана емес, түрмеде отырған америкалықтарды босатуды талап етіп отыр.

АҚПАРАТ 12 тамыз 2018 г. 147 0