Ең көп құқық бұзушылық ауылшаруашылығы саласында орын алған

Облыста биылғы жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында әкімшілік құқық бұзушылыққа ең көп жол берген ауылшаруашылығы саласы болып отыр.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жүргізілген сыртқы бақылау және мониторингтеу жұмыстары қорытындысымен облыстың ауылшаруашылығы саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың жоғары екендігі анықталды.

Себебі, маусым айының өзінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін Департаментпен 4 лауазымды тұлғаға қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылып отыр.

Атап айтсақ, Қармақшы ауданындағы аумақтық инспекциямен жасалған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша инспекция басшысының міндетін атқарушыға 33670 теңгеге хаттама толтырылса, Жалағаш ауданының 3 ветеринар дәрігеріне 151515 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы, Департаментпен 185185 теңге мемлекет қаржысына өндірілетін болады.

АҚПАРАТ 07 шілде 2018 г. 221 0