Шәкәрім Құдайбердіұлының нақыл сөздері

Ұлы Абайдың тәрбиесін көріп, жеті жасынан жырға деген қабілетін танытқан, Абайдың ізін басып, дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлы – ірі ақын, тарихшы, ғұлама ойшыл, сазгер, аудармашы. Әртүрлі өнер түрлерін игеріп, өз бетімен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін еркін меңгеріп, шығыс және орыс классиктерінің шығармаларынан нәр алған. Сонымен қатар әлем кітапханаларында білім қазыналарымен танысқан. Ел қамын ойлап, философиялық, ғылыми ілімімен артына өлместей мұра қалдырды. Ұлттық дәстүріміз бен философиялық іліміміздің және дүниетанымымыздың дамуына зор үлес қосты. Ендеше назарларыңызға ғұлама ойшылдың ел есінде қалған қанатты сөздерін ұсынамыз.

 * Ындыны таза – иманды.

 * Мақтан күйлеп, арамнан мал жиғанның орны тозақ болады.

 * Қайғылының ішінде жанар жалын.

* Менің биім – өзімнің ақ жүрегім.
 Қолы жетпей талмай талап ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.  

 * Сақтық деген – әрқашан байқап жүрмек,
Пайда ма, не залал ма, ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса,
 Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

   * Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,
 Анық төмен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.  

*Кәрілік-шал: ойым – у, өмірім – су, үмітім – бу.

 * Өкініш сол – өмірді бос өткіздім.

* Адамда өмірден қымбат нәрсе жоқ.

* Кім жалғыз бұл жалғанда – есті жалғыз
   Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.

* Абай – өзін-өзі өлеңімен жұбатқан жан.
* Ей, көп халық, көп халық – көп те болса, шөп халық.

 * Партияшылды құтыртпа.

 * Таласты көрсең – басып айт, Кемдігін көрсең – қосып айт.
Кекеп-мұқап қыздырма,
Берекесін бұздырма.
Ызаның айт дегенін,
 Желіктіріп сыздырма.  
 * Қыздырмашыл қызыл тіл қызған отқа салар.
 * Жақсыны – жаман қабар.

* Бір өлтіріп, тірілтіп,  
 Әр бұтаққа ілінтіп,  

 * Жел, сағымдай құбылып,
   Қай жаққа алып барасың?

  * Арсылдақтың арасын құр жылаумен аша алмайсың.

 * Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы,  
  Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.

* Ғылымға қанағатсыз болу керек.

* Жан тән жасар – тән жанды жарата алмас.

* Тән – жанның құлы.

* Тән – терезе, қарайтын жан – иесі.

 * Дәлелсіз сөз – соққан жел, ұшқан тозаң.

 * Болса мінді сынасын өлең айнасындай.

 * Ерікті билеп алсын айтылған жыр,
Сырты – гүл, жарасымды ішіңде сыр.
 Жаныңның ләззат алар жарығындай,
Мәңгілік өшпейтұғын төгіліп нұр.

  * Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын, тазартып жүрек кірін жуып жатсын.

* Өмір үйі желде тұр, үміт үйі – сағымда.

* Тәтті сөз бен түзу ой – тағдыр сыйы.

* Тазалық – балалықпен бірге өлер.

* «Өлімнен соң өмір жоқ» - терең ойдың сөзі емес.

* Өлім – дос.

* Жас көңілде жарық бар.

* Тәңірі жолы – ақ жүрек.

 * Бетке айтқанның зәрі жоқ.

* Жастықтан қызық іс болмас,  
 Кәріде ақыл, күш болмас.

* Болмасқа – бұртыңдама.

* Ақыл сол – ақыл-білім бойда барлық.

* Қай іске де талап еткен артық емес.

* Ноқталы басқа – бір өлім.

* Айла – ақыл болмайды.

* Адалдық  дегеніміз – таза еңбекпен күн көру.

* Ар сатып, ұлық болып елді жеу – өнер емес.

* Сайтан деген – қиянат.

* Адалдық жолында өлгеннің арманы жоқ.

* Ар қайда, рақым қайда, әдеп қайда,
 Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда.
Көз жұмып, «көппен көрген ұлы той» деп,
 Береді бұл надандық кімге пайда.


ӘДЕБИЕТ 11 шілде 2018 г. 203 0