«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдер қабылдау басталғаны туралы жарияладыСыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге.

Байқау серіктестері – Қазақстан Жазушылар одағы  және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры Атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеевжәне «Алтын тобылғы»-2016 сыйлығының лауреаты Татьяна Кретова қатысты.

«Алтын тобылғы» байқауы жыл сайынұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру болып табылады. Бұл бірегей байқау Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған. Өзінің бағдарламалық мақаласындаНұрсұлтан Назарбаев дарынды және табысты жастарға назар аудару жайлы айтқан. «Алтын тобылғы» байқауы жас жазушылардың шығармашылығына қолдау көрсету сияқты  мақсаттарды алға қойып отыр.

Байқау құрылтайшысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жыл сайын 1,5 миллион көлемінде арнайы номинация тағайындайды.  Мәселен, 2015 жылы «Мәңгілік Ел» аталымындағы шығарма авторы, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» аталымы бойынша жеңімпаз және былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы «Туған ел»  тақырыптық аталымдары марапатталды. Биыл байқау төртінші рет өтуде және Астананың 20 жылдығына арналады.

«Алтын Тобылғы» байқауы еліміздің барлық өңірлерінен 17 жаңа жас жазушылардың атын шығарды, олар өз шығармалары үшін ақшалай сыйлыққа болды және шығармаларын жарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Үздік деп танылғандар ішінде: Өскеменнен Арай Ертаргынова, Алматыдан Кретова Татьяна, Алматы облысынан Мақпал Мыса, Астанадан Әлмаш Айсулу, Талдықорғаннан Есболат Айдабосын , Семейден  Қарт Мерей, Шахтинскіден Алексей Варзаевтар барБылтыр лауреттардың шығармалары арнайы басылыммен кітап түрінде жарық көрді.

«Байқаудың басты мақсаты  қазіргі қазақстандық жас жазушыларға қолдау көрсету және ынталандыру. Оларға өз есімдерін шығарып және халыққа көркем шығармаларын таныстыруға үлкен мүмкіндік беру», - деді Сұлтан Айтжанов.

Байқауға еліміздің 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатыса алады және бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар ғана қабылданады.

«Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» сияқты төрт номинация бойынша тағайындалған. Әрбір номинацияның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, биылғы жылы «Астананың 20 жылдығына арналған үздік шығарма» атты арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл номинация бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді.

Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерінен құралған Қазылар алқасы сараптайтын болады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереңдігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланады. Байқауға ұсынылған туындыларды бағалау әділдігі барынша жетілдірілген. Шығарма лақап атпен қабылданып, сараптау кезінде қазылыр алқасы шығармалар авторларының есімдерін білмейтін болады.

Өтінімдер 2018 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында қабылданады. Жеңімпаздар есімі (сыйлық лауреаттары) 2018 ж. желтоқсан айында жарияланады. Толық ақпаратпен  www.fpp.kz  сайтынан танысуға болады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры — 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған коммерциялық емес ұйым.  Қор әлеуметтік,  қайырымдылық, мәдени, білім беру және  басқа да қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып келеді.

Анықтама үшін

тел. +7 7172 708 367, a.isabayeva@fpp.kz Исабаева Айнур


ӘДЕБИЕТ 05 шілде 2018 г. 783 0