"Компьютер демалсын"

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастарды кітап оқуға шақыру және олардың  оқу мәдениеті мен  талғамын қалыптастыруға  бағытталған  «Жастар таңдайды» жобасы аясында 4 мамыр  күні "Компьютер демалсын" атты пікір сайыс ұйымдастырды.

Мақсаты – кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы сонымен бірге интернет желісінің пайдасы мен зияны жайлы пікір алмасып, оқу – білімге шақыру. Жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітаппен дос болған адамның ойы терең, тілі бай, таным көкжиегі кең болатынын ұғындыру.

Пікір сайысқа «Өркениет» колледжінің студенттер арасынан екі топ қатысып, «Білімді оқырман болашағымыз», «Кітап қасиеті - мәңгілік», «Күш білімде - білім кітапта», «Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңдерінде бақтарын сынады.

Білім қазынасының қайнар көзі – кітап. Кітаппен дос болған адамның ойы терең, тілі бай, таным көкжиегі кең болатыны анық. 

 Шараға қатысушылар интернеттің тұтас әлемдік байланыс жүйесінде адамдардың жан-жақты ақпарат алуында  маңызды құрал екендігін айтты. Алайда кітап оқу арқылы адамның көзқарасы кеңейіп, сөйлей білу мәдениеті артатыны жайлы ойлы пікірлерімен бөлісті.

Жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі жан дүниесіне, ой өрісіне ықпал етіп мұқтаждығын қанағаттандыратын бірден бір рухани азығы болып қала бермек.

 

ӘДЕБИЕТ 05 мамыр 2018 г. 411 0