АҚЫНДАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ ЖАЗБА АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

«Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қоры, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясымен бірлесе отырып, ақындар арасында республика көлемінде жазба ақындар мүшәйрасын жариялайды.

Мүшәйраның тақырыптары:

Темірбек Жүргеновтің саяси көзқарастарын, оқу-ағарту және мәдениет саласындағы жұмыстарын, әдеби, публицистикалық мұрасын өлең арқылы ұрпаққа насихаттау;

Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясынан туындайтын Қазақ тарихында қалдырған ерен еңбегін жырлау;

Темірбек Жүргеновтің жазбаларында кездесетін рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау.

Оның репрессия құрбаны болғанын өлеңге қосу арқылы, қазақ халқы­ның басына нәубет боп төнген жылдарды ұрпақ санасына жаңғырту.

Бас Жүлде – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

І орын біреу – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

ІІ орын екеу – әрқайсысына 150 000 (жүз елу мың) теңгеден;

ІІІ орын үшеу –  әрқайсысына 100 000 (жүз мың) теңгеден.

Жалпы байқаудың жүлделік қоры – 1 100 000 (бір миллион жүз мың) теңге.

Мүшәйра шарттары:

Ұсынылған өлеңдер бұрын жарияланбаған болуы керек. Өлеңдер Times New Roman шрифтісімен, 14 кегльмен, 1 жоларалық интервалмен терілуі тиіс.

Республика көлемінде тұратын ақындар жасына, атағына қарамай қатыса алады.

Авторлар А4 пішімді 1-ші конвертке бүркеншік атымен жазылған шығармасының компьютерге басылған үш данасын жолдайды. 2-ші кіші пішімді конвертке автордың шын аты-жөні, фотосуреті, мекен-жайы, телефондары, эл.поштасы жазылып, аузы бекітіліп, 1-ші конвертке салынады. Кіші конверттің сыртына бүркеншік аты жазылады.

Шығармалар 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады.

Ескерту: 

Жүлдегерлердің мүшәйра өтетін қалаға келіп-кету жол қаражаты мен жатар орны шығынын өздері көтереді.

Хабарласу үшін тел: 8 707 822 24 44.

Жанболат Көшербаев.

Эл. пошта: zhanbolatkz@bk.rusabiansat@mail.ru

WhatsApp: 8 707 822 24 44 Жанболат Көшербаев.

Ұйымдастыру алқасы

«Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қоры, 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы.

ӘДЕБИЕТ 26 ақпан 2018 г. 1 047 0