ПРОЗАИКТЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ ӘДЕБИ БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

«Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қорымен бірге Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау мақсатында Прозаиктер арасында республика көлемінде әдеби байқау өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу туралы сөз қозғады. Онда «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деп атап көрсетті. Елбасының бұл сөзі бір ғана жылдың еншісіндегі мәселе емес. Бұл – үнемі атқарыла беретін ізгі борышымыз.

Сондықтан 2018 жылы Қазақстан мен Орта Азия республикаларын­дағы оқу-ағарту, мәдениет пен әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 120 жыл толуына байланысты ӘДЕБИ БАЙҚАУ жарияланып отыр.

Байқаудың шартты тақырыптары:

Темірбек Жүргеновтің саяси көзқарастарын, оқу-ағарту және мәдениет саласындағы жұмыстарын, әдеби, публицистикалық мұрасын Көркем прозада көрсету; Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясынан туындайтын Қазақ тарихында қалдырған ерен еңбегін мадақтау, Темірбек Жүргеновтің жазбаларында кездесетін рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау.

Оның репрессия құрбаны болғанын әңгімеге қосу арқылы, қазақ халқының басына нәубет боп  төнген жылдарды ұрпақ санасына жаңғырту.

Бас Жүлде – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

І орын біреу – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

ІІ орын екеу – әрқайсысына 150 000 (жүз елу мың) теңгеден;

ІІІ орын үшеу – әрқайсысына 100 000 (жүз мың) теңгеден.

Жалпы байқаудың жүлделік қоры – 1 100 000 (бір миллион жүз мың) теңге.

Байқау шарттары:

Ұсынылған әңгімелер бұрын жарияланбаған болуы керек. Әңгімелер Times New Roman шрифтімен, 14 кегльмен, 1 жоларалық интервалмен терілген, көлемі 8-10 беттік көркем әңгіме болуы тиіс.

Республика көлемінде тұратын қаламгерлер жасына, атағына қарамай қатыса алады.

Авторлар А4 пішімді 1-ші конвертке бүркеншік атымен жазылған шығармасының компьютерге басылған үш данасын жолдайды. 2-ші кіші пішімді конвертке автордың шын аты-жөні, фотосуреті, мекен-жайы, телефондары, эл.поштасы жазылып, аузы бекітіліп, 1-ші конвертке салынады. Кіші конверттің сыртына бүркеншік аты жазылады.

Шығармалар 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады.

Хабарласу үшін тел: 8 707 822 24 44.

Жанболат Көшербаев.

Эл. пошта: zhanbolatkz@bk.rusabiansat@mail.ru

WhatsApp: 8 707 822 24 44 Жанболат Көшербаев.

Ұйымдастыру алқасы

«Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қоры, 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы.

Әдеби байқауға келіп түскен әңгімелердің таңдамаларын 

жеке кітап етіп шығару көзделіп отыр.

Ескерту:

Жүлдегерлердің байқау өтетін қалаға келіп-кету жол 

қаражаты мен жатар орны шығынын өздері көтереді. 

ӘДЕБИЕТ 26 ақпан 2018 г. 785 0