Құтқарушылар Сырдария жазғы лагерінде

Құтқарушылар Сырдария жазғы лагерінде

Жылда жазғы айларда балалардың көбісі тынығу лагерлерінде  демалады. Бұл уақытта тынығушыларға  қауіпсіздік шаралары жөнінде білім беру үшін өте жақсы мүмкіндіктер бар. Осы себептен қызылордалық құтқарушылар жаз маусымында профилактикалық іс шараларына аса назар аударады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 шілде 2018 г. 291 0
Астана тұрғындары енді қоқыс өткізіп, ақша таба алатын болды

Астана тұрғындары енді қоқыс өткізіп, ақша таба алатын болды

Елордада «Жасыл таңдау» жобасының іске қосылуына байланысты, қала тұрғындарына өздері жинаған қоқыстың арқасында табыс табуға мүмкіндік туды. Енді астаналықтар өңдеуге келетін өнімдерді эко-нүктеге өткізіп, ол үшін ақша алатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 шілде 2018 г. 285 0

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АУДАН ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев Қармақшы ауданында іссапармен болды. Халық қалаулылары алдымен  Иіркөл ауылдық округіндегі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған №12 балабақшаға барды. Балабақша жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Иіркөл ауылдық округінің әкімі Б. Қалдашбаев ауылда жүргізіліп отырған жұмыстар жайын баян етті.
АҚПАРАТ 14 шілде 2018 г. 235 0

АТА ҚОНЫСТЫҢ АДАЛ ПЕРЗЕНТІ

Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары. Бұл уақыт ел еңсесін көтере алмай тұрған сындарлы да сын кезең болатын. Ауыл тұрмысы тығырыққа тіреліп, іске жарар ғимараттар мен техникаларды есеп білетіндер егеленді. Ал қолында ешнәрсесі жоқ қарапайым жұмысшылар отбасын асырау үшін жұмыс іздеп жан-жаққа кетіп жатты.
ТАҒЫЛЫМ 14 шілде 2018 г. 257 0
«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», «Мейірім барда – мұңдық жоқ», «Жайылымы болмаса, мал азады, мейірімі болмаса, жан азады», – деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Шыны керек, кейде қамқорлық жасағандарға алғыс айтудан әрі аса алмай жатамыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 шілде 2018 г. 418 0

ДАҢҒАЙЫР БАЛЫҚШЫ

Әбдіраман Әбішев балық аулауға он жеті жасында шықты. Әкесі Әбіш ақсақал ауылдастары арасында тым беделді болатын. Бірақ жас Әбдіраман әкесінің мұншама құрметке қалай ие болғанын о кезде түсіне бермейтін. Оның мән-жайын өзі балықшы санатына қосылғасын барып ұқты.
ТАҒЫЛЫМ 14 шілде 2018 г. 103 0
«АҚЫЛДЫ ҚАЛАНЫҢ» АЛҒАШҚЫ АДЫМЫ

«АҚЫЛДЫ ҚАЛАНЫҢ» АЛҒАШҚЫ АДЫМЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу тармағында ғимараттардың сапасына мән беріп, экологиялық тазалығына, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелермен жабдықтауға, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуді тапсырды. Бүгінде Қызылорда қаласында электр және ауыз сумен жабдықтаушы коммуналдық кәсіпорындарында «Смарт сити» үлгісінде жұмыс жасау, энергоүнемдеуіш қондырғылар, қашықтықтан басқарылатын есептеуіш құралдарын орнату, бір орталықтан басқару жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынды.     
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 шілде 2018 г. 256 0

Сыр спортындағы СЕРПІН

Жан мен тәннің сергек әрі ширақ болуы үшін спортты өміріңіздің мәніне айналдырғаныңыз жөн. Ауру-сырқау, шаршап-шалдығу жиілеп кетсе, оның емі – еңбек. Тарқатып айтқанда, дененің көп қозғалыста болғаны сан түрлі сырқаттан құтқарады.Жақында Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Жаманқұловпен тілдесудің сәті түсті. Ол бөлімнің 2018 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Қызылордалықтардың спортпен қамтылу көрсеткіші бұрынғыдан жоғарылаған.
АҚПАРАТ 14 шілде 2018 г. 245 0
“Харекет” қоры көмекке мұқтаж тағы 6 отбасына баспана сыйлады

“Харекет” қоры көмекке мұқтаж тағы 6 отбасына баспана сыйлады

 “Мың теңгеге баспана” деген ұстаныммен құралған “Харекет” қоры он тоғызыншы отбасыға үй сыйлады, - деп жазады stan.kz. “14-үй Ақтау қаласының маңынан (Жетібай кенті) анасына және 4 құлынына (3 ұл, 1 қыз) пана болып отырған Роза Серғазықызына тапсырылды! Иесіз базада сусыз, жарықсыз, жылусыз (пеші де жоқ), тіпті терезесіз қуыста 2 жыл күн кешіп келген екі ананың айтар алғысы шексіз!  15-үй де осы Маңғыстау облысына қарасты Жетібай кентінен 7 баланың анасы (1-і науқас), Алла қаласа, тағы егіз перзентті дүниеге алып келуге тәуекел етіп отырған Айгүл Әбдіғаниқызы мен жолдасы Қуатбай Бақтыбайұлына бұйырды! Бұл үйді “Харекет” қоры арқылы “Астана” футбол клубының әрі Қазақстан құрама командасының ойыншысы Абзал Талғатұлы Бейсебеков өз қаржысына алып берді! 16-үй  Өскемен қаласының тұрғыны, 5 баланың анасы Бейбітгүл Дуанқызына нəсіп болды! 17-үй  Түркістан облысы Қазығұрт ауылыынң тұрғыны, əпкелі-інілі (жетім қалған бауырларымыз) Эльмира Бекбосынқызы мен Талғат інімізге нəсіп болды! Қадірлі ағайын, 18-үй Алматы облысы Ұзынағаш ауылынан 4 қыздың ата-анасы Раман Талғатұлы мен Меруерт Қойбағарқызына нəсіп болды! Раман бауырымызды бұл дүниелік бақытқа бөлеуге атсалысқан барша ағайынға Алланың нұры жаусын! 19-үй СҚО Қызылжар қаласының тұрғыны, 3 қыз (біреуі – сəл науқас) бен 1 ұлдың əкесі Манап Қатранұлына нəсіп болды! Бірнеше жыл бойы ана орнына ана, əке орнына əке болып, төрт құлынын мəпелеп отырған азаматқа Алла жар болсын! Баспана алуға атсалысқан барша ағайынның берекесі артып, бағы жансын!
ҚОҒАМ 14 шілде 2018 г. 256 0
Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті ХХV сессиясы өтті. Оған аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, жергілікті полиция бастығы, мектеп директорлары және БАҚ өкілдері қатысты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 шілде 2018 г. 298 0