ҚОҒАМДЫ УЛАЙТЫН ҚАУІП

Қоғамның келеңсіз құбылысы болып табылатын сыбайлас жемқорлық адамзат өркениетінің дамуын тежейтіні анық.Елімізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар жүргізіліп келеді. Мемлекетіміз ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып осы келеңсіз құбылыспен күрестің мақсат-міндеттерін, негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдады. Сондай-ақ, кейін аталған Заң кезең-кезеңімен өзгерістер мен толықтыруға түсіп, уақыт талабына сәйкес жетілдіріліп отырды. Бүгінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы азаматтарды ортақ мүддеге жұмылдырады. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы қабылданып, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілді.
АҚПАРАТ 31 мамыр 2018 г. 55 0
Бос орындар жәмеңкесі  өтті

Бос орындар жәмеңкесі өтті

30 мамырда А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қызылорда облысы ҚАЖД пробация қызметі, Қызылорда қаласының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік бейімделуі мен оңалуын ұйымдастырып жұмыспен қамту үшін «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2018 г. 80 0

ӘРБІР БАСТАМА БАҚЫЛАУДА

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастырумен «Достық үйінде» «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері» аймақтық коалициясының кезекті отырысы өтті.
АҚПАРАТ 31 мамыр 2018 г. 48 0
ТӨЛЕМ ЖАСАУДА ТҮЙТКІЛ БАР

ТӨЛЕМ ЖАСАУДА ТҮЙТКІЛ БАР

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Иман­досовтың төрағалығымен қоғамдық кеңес мүшелерінің кезекті отырысы болды. Онда екі мәселе қаралды.
ҚОҒАМ 31 мамыр 2018 г. 87 0
БАЛА ШАТТЫҒЫ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ

БАЛА ШАТТЫҒЫ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ

Жаймашуақ жаздың бірінші күнінде бүкіл әлем балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бас­тауын өткен ғасырдың елуінші жылдарынан алатын мерекеге Сыр өңірі де жылдағыдай үн қоспақ.
ҚОҒАМ 31 мамыр 2018 г. 156 0
Зұлмат жылдары 91 сырдариялық  жазықсыз атылған

Зұлмат жылдары 91 сырдариялық жазықсыз атылған

Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде "31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне" орай "Тарихқа тағылым – өткенге тағзым" атты іс-шара өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2018 г. 63 0
КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕККЕРЛЕР ҚОРҒАНЫ

КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕККЕРЛЕР ҚОРҒАНЫ

№6 қалалық емхана –  облыс орта­лы­ғындағы ірі денсаулық сақтау мекемесінің бірі. 62 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін бұл ұйымда 670-ке жуық қызметкер бар. Бірінші санатты терапевт, эндокринолог дәрі­гер Гүлжан Әбсатова осы ұжымдағы кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін атқарады.
Әлеумет 31 мамыр 2018 г. 148 0
Аралқұмнан шыққан емші бала Ербосынның өмірі түбегейлі өзгерген

Аралқұмнан шыққан емші бала Ербосынның өмірі түбегейлі өзгерген

Аралқұмнан шыққан атышулы Ерболсын емшіні іздеп шалғайға сабылған жұрт соңғы уақытта одан көз жазып қалдық дейді. Сөйтсек, «үкілі бала» Ерболсын Серікбаев екі жылдан бері Ақтөбеде тұрып жатыр екен.
ҚОҒАМ 31 мамыр 2018 г. 581 0
МЕДИАТОР МҮДДЕСІ – ОРТАҚ МӘМІЛЕ

МЕДИАТОР МҮДДЕСІ – ОРТАҚ МӘМІЛЕ

Қызылорда қаласының №2 сотында «Медиация – сотсыз татуласу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Оған судьялар, облыстық прокуратура, облыстық және қалалық ішкі істер депар­таменті, ЗК-169/1 мен ЗК-169/5 мекемесі, облыстық қылмыстық атқару жүйесі депар­таменті өкілдері және медиаторлар қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2018 г. 57 0
УАҚЫТ ПЕН САПА ҰДАЙЫ СҰРАНЫСТА

УАҚЫТ ПЕН САПА ҰДАЙЫ СҰРАНЫСТА

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы жөндеуден өтіп жатқан көшелердегі жұмыс барысымен және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатқан емхана құрылысымен танысты. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2018 г. 97 0