PDF 11 сәуір 2018 г. 25 0
Қазақстанда он бесінші облысты құру ұсынылды

Қазақстанда он бесінші облысты құру ұсынылды

Бүгін  филолог Мырзантай Жақып «Оңтүстік Қазақстанды екіге бөліп, Мырзашөл, Қызылқұм және Сарыағаш өңірлеріндегі аудандардан Қазақстанның 15-ші облысын құрған жөн»,- деп ұсыныс жасады. Оның айтуынша, 305 мың халқы бар Мақтаарал ауданын түкпірде қалдыруға болмайды. Бұған дейін нақты Жарлық шықпаса да, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі беріп, ОҚО орталығын Түркістанға ауыстыру туралы бастама көтерілген. Негізі бұл тақырып бұрыннан талқыға салынып жүр. Бірақ аталмыш мәселеге байланысты халықтың пікірі қақ жарылып отыр. Біреулер «екі дүние есігі, ер түріктің бесігі» атанған тарихи қалаға облыс орталығы мәртебесін лайық көрсе, екінші тарап Түркістан мен кейбір шалғай аудандардың арақашықтығы алыстап кететінін алға тартады. Мәселен, Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық – 232 шақырым. Ал Түркістан қаласы Шымкенттен 170 шақырым жерде орналасқан.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2018 г. 467 0
Елбасы Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновты қабылдады

Елбасы Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновты қабылдады

Елбасы Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновты қабылдады, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Досхан Жолжақсыновтың отандық кинематография және театр өнерін дамытуға сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.– Сіз – отандық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің бірісіз, Қазақстанның халық әртісісіз. Ұзақ жылдар бойы балалар мен жасөспірімдер театрына басшылық еттіңіз. Осы уақыт ішінде мәдениетіміздің дамуына және Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңғыруына зор үлес қостыңыз, – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті киноиндустрияның маңыздылығын айрықша атап өтіп, оның қазіргі мәдениет саласында алатын орнына тоқталды.– Бүгінде кино ұлттық сана-сезім мен төл мәдениетімізді бейнелейтін негізгі құралдың біріне айналды. Сондықтан мен сізді отандық киномызды одан әрі дамыту мәселелерін талқылау үшін шақырдым, – деді Елбасы.
--- 11 сәуір 2018 г. 18 0
3 жасында жоғалған қыз  24 жылдан кейін табылды

3 жасында жоғалған қыз 24 жылдан кейін табылды

Қытай тұрғыны  24 жыл іздеуден кейін 3 жасында жоғалып кеткен қызын тапты. Ван Мин Цин  осы жылдардың ішінде іздеуін тоқтатпады. Бұл үшін тіпті такси жүргізуші болып жұмысқа орналасты. Ол әйтеуір бір күні қызының  немесе оны танитын жолаушының көлікке отыратындығына сенімін жоғалтпады деп хабарлайды bbc.com.Мин Цин  жылдар бойы қызының жоғалғандығы туралы хабарландыру таратып келді. Ван Мин Цин мен әйелі Лю Дэн Ин ол кезде жеміс-жидек сатумен айналысқан. Бірде кешкілік ақшасын ұсатпақ болып көрші дүкенге бас сұққан Ван Мин Цин қайтып келген кезде қызын таппай қалады.2015 жылы Ван іздеу географиясын кеңейтіп, Didi Chuxing компаниясына такси жүргізуші болып орналасты.Ол артқы орындыққа көп жылдан бері қызын іздеп жүргендігін жазып қойған. Ванда Ци Фэннің суреті жоқ еді, сондықтан  оған қатты ұқсайтын кіші қызының фотографиясын ілген. Ал Ванның жолаушылары әкесі бірнеше жылдан бері қызын іздеп жүргендігін әлеуметтік желілерге жариялай бастады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2018 г. 79 0
Кемеровада фотоға түсіретін жігіт 30 баланы құтқарып қалған

Кемеровада фотоға түсіретін жігіт 30 баланы құтқарып қалған

Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығындағы өрт кезінде Евгений есімді фотоға түсіретін жас жігіт 30 баланы құтқарып қалған өзі деп хабарлайды «Комсомольская правда» басылымы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2018 г. 105 0
«100 оқулық»: Елбасына қазақ тіліне аударылған алғашқы кітаптар таныстырылады

«100 оқулық»: Елбасына қазақ тіліне аударылған алғашқы кітаптар таныстырылады

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне 18 кітап аударылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2018 г. 59 0
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 12-14 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2018 г. 95 0
Қоржында - 6 жүлде

Қоржында - 6 жүлде

Таиландтың Чиангмай қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Қызылорда облысының құрамасы 6 жүлдені қоржынға салды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2018 г. 33 0
ИМАМ БІЛІМДІ БОЛСА...

ИМАМ БІЛІМДІ БОЛСА...

  Қызылордада имамдардың білімін жетілдіруге арналған үшкүндік семинар қорытындыланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2018 г. 49 0
Сотсыз бітімге келу жолдары айтылды

Сотсыз бітімге келу жолдары айтылды

"Соттардың жұмысын жеңілдету" мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру".
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2018 г. 37 0