PDF 27 желтоксан 2017 г. 178 0
Тағы бір жоба қолдау тапты

Тағы бір жоба қолдау тапты

Жеке кәсіпкер Бегликбаев Бахтибай Байқасынұлы жолаушылар тасымалымен айналысады. Қазіргі таңда кәсіпкердеГАЗ 3224 маркалы автокөлігі бар, ол қалалық жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз етеді және балаларды балабақшаға тасымалдау үшін қолданады. Бірнеше жыл қолданыста болып үздіксіз жұмыстардың әсерінен көлік құралын жүйелі жөндеу қажеттілігі туындап, балаларды тасымалдауға автокөлікті жаңарту немесе сатып алу керек болды. Жоспарының жүзеге асырылу жолдары туралы ақпарат алу мақсатында кәсіпкер «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарттары туралы естіді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2017 г. 153 0
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жаңа жыл мерекесіне орай Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады.Аудан басшысы алдымен ТілеубергенТобабергеновтің отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі деген аудан әкімі сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2017 г. 173 0
СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ  АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Балшекер Өтегенова Семей ядролық полигонына қатысушы ардагерлерді қабылдап, құрмет көрсетті» деп хабарлайды Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2017 г. 162 0
Облыстық Жастар қанаты белсенділері слеті өтті

Облыстық Жастар қанаты белсенділері слеті өтті

Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Жастар қанаты белсенділері слеті өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2017 г. 151 0
ТАРИХТЫ ЖАЗУ ӨЛКЕНІ ТАНУДАН БАСТАЛАДЫ

ТАРИХТЫ ЖАЗУ ӨЛКЕНІ ТАНУДАН БАСТАЛАДЫ

Бүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенттер сарайында «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Рухани жаңғыру: Сыр өңірі тарихының зерттелуі және «Өлкенату» пәнін оқытудың өзекті мәселелері» атты облыстық тарихшылар слеті өтті. Слет жұмысына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүсметов қатысты. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2017 г. 151 0
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

Мемлекет басшысы өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы онжылдықтарға басымды мақсаттар мен міндеттер белгілеген 2050 жылға дейінгі ұлттық жаңа саяси бағытын айқындайды.
ҚОҒАМ 27 желтоксан 2017 г. 143 0
12 бас жылқы құтқарылды

12 бас жылқы құтқарылды

Желтоқсан айының 25-і күні ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне Қызылорда қаласының тұрғынынан Мерей мөлтек ауданы маңында жылқылары су басқан аймақта қалып қойғандығы жөнінде хабар түсті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2017 г. 158 0
БИЫЛ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ СИПАТЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС 24 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

БИЫЛ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ СИПАТЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС 24 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2017 г. 150 0

Қызылорда қаласының бүгінгі келбеті

https://www.youtube.com/watch?v=jYtMIwn4CbU
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 27 желтоксан 2017 г. 223 0